Микробты препараттар зертханасы

Микробты препараттар зертханасы – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін отандық биологиялық препараттарды әзірлеу және өндірумен айналысатын «Микробиология және вирусология ҒЗО» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі.
Микробты препараттар зертханасының қызметкерлері «Өндірістік микробиология» ЖШС базасында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының денсаулығын нығайтып, өнімділігін арттыруға, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды қалпына келтіруге бағытталған жоғары тиімді бактериалды биопрепараттарды өндіреді.
Биопрепараттарды алу бойынша өндірістік процесс қатар жүргізіле отырып, зертханада ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары аясында ғылыми зерттеулер орындалады.

Зертхана меңгерушісі – Қаптағай Раушан Жұмабекқызы
Made on
Tilda